2025 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша Ұлттық алдын алу тобының жетекшісі Дмитрий Халидовпен бірлесіп жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында қамаққа алынғандар сот істеріне байланысты наразылықтарын, тергеу барысындағы жекелеген іс-әрекеттерге қатысты пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ олардың ұсталуы мен жазасын өтеуіне байланысты жағдайлар қаралды.
Кездесу барысында айтылған барлық мәселелер тіркеліп, заңнама аясында қарастыру үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады. Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы тұрақты жұмысын жалғастырады.