Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышевтың төрағалығымен Өкілдік жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде Жамбыл облысы аумағындағы 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру және әлеуметтік сала мекемелерінің өкілдері, сараптамалық кеңес мүшелері сондай-ақ азаматтық қоғам белсенділері қатысты.

Өкіл өз баяндамасында облыстағы кәмелетке толмағандар арасында жасалған құқық бұзушылықтар мен балалардың құқықтарының бұзылуына қатысты статистикалық деректер ұсынып, негізгі себептер талданды. Сарапшылар тарапынан кәмелетке толмағандардың әлеуметтік бейімделуі, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, отбасылық тәрбиені нығайту, білім беру мекемелеріндегі алдын алу шараларын жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.


Кеңес мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы қолданыстағы тәжірибені жетілдіру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту жөнінде ұсыныстар енгізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты ұсынымдар жолданатын болды.