Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Конституциясына – 30 жыл: тұрақтылық пен өркендеудің негізгі реформалары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанынан құрылған жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының облыстық мүшесі Айбек Кадралиев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Конференция барысында Конституцияның елдің құқықтық дамуы мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы жан-жақты талқыланды.
Өкіл «Конституция және негізгі құқықтар мен бостандықтар» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерге тоқталды.
Шара Конституцияның 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өтіп, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға және демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталды.