ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Жамбыл облысы бойынша Әлеуметтік омбудсменнің өкілі Ахметова Шолпан ханыммен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің мақсаты – азаматтардың құқықтарын әлеуметтік маңызы бар салаларда қамтамасыз ету және қорғау мәселелерін талқылау, сондай-ақ адам құқықтары институттары мен өңірдің әлеуметтік құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Кездесу барысында тараптар азаматтардың әлеуметтік қорғау, медициналық және білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне қатысты өтініштерін; халықтың шағымдары мен ұсыныстарын қарау тәжірибесін; өңірлік деңгейде құқық қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.
Ерекше назар әлеуметтік осал топтарға құқықтық көмек көрсетуге, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ облыс тұрғындары арасында құқықтық мәдениетті арттыруға аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыру, ақпарат пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу жөнінде уағдаласты.