Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында спорт мекемелерінің басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесу

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында спорт мекемелерінің басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесу

2025 жылғы 19 тамызда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында спорт мекемелерінің басшылары мен жаттықтырушыларымен кездесті.

Кездесу барысында Өкіл спортшыларды, жаттықтырушыларды және сала қызметкерлерін Қазақстандағы Спорт күні мерекесімен құттықтап, ел спортының дамуына қосып жүрген еңбектері үшін алғыс білдірді.

Жиында спортшылардың әлеуметтік құқықтары, жаттықтырушылардың еңбек жағдайлары, балалардың спорттық секцияларға қолжетімділігі мен қауіпсіздігі мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында көзделген негізгі құқықтар мен бостандықтар, оларды қорғау тетіктері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі түсіндірілді.

Кездесуде бала мен ата-ана құқықтары мен міндеттері де ерекше атап өтілді.