Өкіл Абай атындағы орталық кітапхана ұжымымен кездесті

Өкіл Абай атындағы орталық кітапхана ұжымымен кездесті

2025 жылғы 13 тамызда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Абай атындағы орталық кітапхана ұжымымен кездесті.

Кездесуде:
Конституцияда және БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген негізгі құқықтар түсіндірілді;
 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі таныстырылды;
 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, еңбек заңнамасы, бала құқықтары талқыланды.

 Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.