ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қуанышев Еркін Тараз қаласының әкімімен кездесті.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, Уәкілге тұрғындардан түскен өтініштер талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құқықтары, медициналық көмекке қолжетімділік, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері көтерілді.
Келесі бағыттарға ерекше назар аударылды:
▪️ жергілікті атқарушы органдар мен Омбудсмен институты арасындағы тиімді өзара іс-қимыл,
▪️ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру,
▪️ бірлескен құқықтық түсіндіру шараларын өткізу,
▪️ әлеуметтік мекемелер мен еріксіз ұстау орындарында адам құқықтарының сақталуын мониторингтеу.
Тараптар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдіріп, бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Адам құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен әріптестікте жалғасатын болады.