Өкіл Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанынан құрылған жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының Жамбыл облысы бойынша мүшесімен кездесті

Өкіл Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанынан құрылған жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының Жамбыл облысы бойынша мүшесімен кездесті

2025 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанынан құрылған жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының Жамбыл облысы бойынша мүшесі Айбек Кадралиевпен кездесті.

Кездесу барысында жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ Жамбыл облысында жастарға қатысты өзекті мәселелерді шешу бағытындағы ынтымақтастықтың жаңа тетіктері талқыланды.

Тараптар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, олардың заңды құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына басымдық беру қажеттігін атап өтті.