
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі облыстық радиода сөз сөйледі.
2025 жылғы 23 шілдеде Жамбыл облыстық радиосының 108.FM толқынында «Айтарым бар» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев сұхбат берді.
Сұхбат барысында спикер адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, сондай-ақ өкілдікке келіп түскен өтініштер мен оларды қарау нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілген мекемелерге бару жұмыстарының қорытындылары баяндалды.
Еркін Қуанышев халықты құқықтық сауаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып, құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Өңірлік Сараптамалық кеңестің қызметі, азаматтық қоғаммен ынтымақтастық, өзекті құқықтық мәселелерді талқылау барысы да сұхбатта сөз болды.
Аталған эфир уәкіл өкілдігінің ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және барлық азаматтар үшін құқықтық механизмдердің қолжетімділігін арттыру жолындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.