Өңірлік өкіл мен Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) Жамбыл облысы бойынша жетекшісі арасында жұмыс кездесуі өтті.

Өңірлік өкіл мен Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) Жамбыл облысы бойынша жетекшісі арасында жұмыс кездесуі өтті.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ғимаратында өңірлік өкіл мен Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) Жамбыл облысы бойынша жетекшісі арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – бостандығынан айырылған, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігі шектелген азаматтардың құқықтарын қорғау, азаптаудың және қатыгез, адамдық қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынастың алдын алу мәселелерінде өзара іс-қимылды талқылау болды.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі адам құқықтарының сақталу жағдайы жөнінде ақпарат алмасып, жабық мекемелердегі проблемалық мәселелерге назар аударды. Биылғы жылы жүргізілген мониторингтік сапарлардың нәтижелері қаралып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары талқыланды.

Әсіресе, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен шағымдарға жедел ден қою тетіктеріне ерекше көңіл бөлінді.

Уәкілдің өңірлік өкілі ҰАТ-пен жүйелі түрде ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтіп, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы өзара жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде, ҰАТ жетекшісі адам құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін мекемелер мен институттардың бірлескен күш-жігері алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мен өңірдегі құқықтық мәдениетті нығайтудың негізгі кепілі екенін атап өтті.

Кездесу конструктивті атмосферада өтті. Тараптар алдағы уақытта да ақпарат алмасу мен бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.