2025 жылғы 02 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышевтың, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаевтың және Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Дәурен Бағжановтың қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Қабылдау Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ғимаратында өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өңір тұрғындарының өзекті құқықтық мәселелерін жедел қарастыру және тиісті органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық көмек көрсету.
Қабылдау барысында азаматтар сот шешімдеріне наразылық білдіру, бала құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Азаматтарға олардың мәселелерін шешудің қолданыстағы заңнама аясындағы ықтимал жолдары бойынша кеңестер мен нақты ұсыныстар берілді.
Бұл форматтағы қабылдаулар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тиімді қорғалуына оң әсерін тигізеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының және өзге де уәкілетті органдардың осындай бірлескен іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.