Өкіл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ-не бару жүргізді.

Өкіл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ-не бару жүргізді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ-не бару жүргізді.

Бару барысында Өкіл арнаулы мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы, тамақтануды ұйымдастыру, ас блогының жай-күйі, медициналық кабинеттердің жасақталуы мен жағдайы, сондай-ақ жұмсақ жиһаздармен қамтамасыз етілуі бойынша тексеру жүргізді.

Өкіл арнаулы мектептің қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен азаматтарға кепілдік берілген негізгі құқықтар мен бостандықтарды түсіндіріп, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелерін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің міндеттері мен атқарған жұмыстары туралы сөз қозғады.

Еркін Қуанышев арнаулы мектептің ұжымына адам құқықтарының сақталуы, білім беру мен тәрбиелеу процесінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар мен кеңестер берді. Өкіл аталған оқу орнында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын сақтау, сондай-ақ олардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бұл шара балалар мен жасөспірімдерге қатысты адам құқықтарының сақталуына қадағалау жүргізу және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жан-жақты жұмыс жүргізудің маңыздылығын көрсетеді.