Өкіл Үлгілі орта мектебінің оқушыларымен кездесті

Өкіл Үлгілі орта мектебінің оқушыларымен кездесті

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев құқықтық ағарту аясында "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Үлгілі орта мектебінде" оқушылар арасында «Адам құқықтары мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың профилактикасы» тақырыбында лекция оқыды.

Өкіл қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстар туралы түсіндірме берді.

Кездесудің басты мақсаты кәмелетке толмағандардың және жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, ҚР Қылмыстық кодексінің талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарға неше жасынан бастап қылмыстық жауаптылық қолданылатындығы, тағайындалатын жаза түрлері, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде ескерілетін, жеңiлдететiн жағдайлар, қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайлары түсіндірілді, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық, мәжбүрлі неке, қалыңдықтарды ұрлау тәжірибесін жою мәселелеріне тоқталды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар үшін пайдалы әрі ақпараттық тұрғыдан мазмұнды болды.