Өкіл жұмыс сапарымен Байзақ ауданында болды

Өкіл жұмыс сапарымен Байзақ ауданында болды

2025 жылдың 21 мамырында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Амангельді Карентаев және жұмысшы топ Байзақ ауданында халықпен кездесу өткізді.

Кездесуге Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев, аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, Байзақ ауданы мәслихатының депутаты Асылбек Жантаев және шаруа қожалықтардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Аудан халқы 108 мыңнан астам, жер аумағы 42 000 шаршы метр, 2941 шаруа қожалықтары тіркелген.

Аудан облыс орталығына жақын орналасуына байланысты негізгі өнім дақылдары арпа, бидай қызылша, жоңышқа, бау-бақша өнімдері.

Шаруа қожалықтардың бүгінгі күнгі көтеріп отырған негізгі мәселесі суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету, өйткені ағын судың жетіспеуі байқалады. Осы мәселеге назар аударуды сұрады.

Осыған байланысты аудан әкімі О.Баққараевқа аталған проблемалық мәселенің шешімін табу тапсырылды.