Қатысқан дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Еңбек даулары бойынша сот практикасын талдау».

Қатысқан дөңгелек үстелдің тақырыбы:  «Еңбек даулары бойынша сот практикасын талдау».

Қатысқан дөңгелек үстелдің тақырыбы:

«Еңбек даулары бойынша сот практикасын талдау».

Іс-шараға сот және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ өңірдің салалық және жергілікті кәсіподақтарының төрағалары қатысты. Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері, еңбек дауларын сотта қарау үрдістері және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Қызметкерлерді жұмыстан шығару, тәртіптік жазалар және оларды даулауға қатысты мәселелер бойынша Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі межрайлондық сотының судьясы Хабиба Тлеубергенова сөз сөйлеп, сот ұстанымын жеткізді. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов өз баяндамасында әкімшілік практикадан еңбек заңнамасын бұзудың жиі кездесетін түрлері туралы ақпарат ұсынылды.

Талқылау барысында қатысушылар еңбек дауларын шешуге байланысты өзекті мәселелерді, сот практикасының үрдістерін, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау кезінде туындайтын проблемаларды қарастырды. Ерекше назар қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін тиімді пайдалануға аударылды.

Іс-шарада қатысушылар арасында пікір алмасу өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тараптар еңбек заңнамасын қолдану практикасын жетілдіруге және жұмыскерлердің құқықтарына кепілдіктерді күшейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.