Ұлан ауданының прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, ведомстволық бағынысты мекемелер – Полиция бөлімінде (ПБ) және Уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) болдым.
Сапар барысында УҰИ-да қамалған адамдардың ұсталуы жағдайымен таныстым. Тексеру кезінде бостандық шектелген жағдайдағы адамның қалыпты өмір сүруіне қажетті ең төменгі талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды.
Полиция бөлімінде ғимарат ішіне орнатылған тұтас бейнебақылау камераларының, сондай-ақ аудан орталығы – Қ.Қайсенов кентінде орнатылған Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау жүйесінің жұмысымен таныстым.
Қазіргі таңда барлығы 46 камера орнатылған, алдағы уақытта қосымша 72 камераны орнату жоспарлануда.
Сапар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.