Модератор ретінде «Қазіргі қоғамдағы әке болу мәселелері» атты облыстық дөңгелек үстелге қатыстым.
Дөңгелек үстелге сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, ақсақалдар мен ардагерлер кеңесінің, оқу орындарының, ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.
Баяндамалар барысында «Әкелер кеңесін» құру, «Жылы ұя» жобасын насихаттау және т.б. қызықты да маңызды бастамалар айтылды.
Р.S. Қазақ халқы бала тәрбиесінде, адамгершілік-этикалық ұстанымдарды қалыптастыруда әкенің рөліне үлкен мән берген. Отбасында әке сөзінің маңызы мен салмағы ерекше болды!
Қоғам дамыған сайын этикалық және адамгершілік ұғымдар да өзгеріске ұшырады. Идеалдар, әлеуметтік ұстанымдар ауысты. Балаларды тәрбиелеуде әкенің рөлі де елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер — ұрпаққа ат қою, адамның жас ерекшелігіне байланысты әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ бала тәрбиелеу қағидаттары жағынан көптеген ерекше сипаттарға ие.
Ең алдымен, туыстық байланыстар институтын қалыптастырған «жеті ата» қағидатын атап өткен жөн. Бұл — қазақтың қан тазалығын сақтауға бағытталған дәстүрі.
Осылайша, руды жалғастырушы тек ер азаматтар болған!
Қазақтың отбасылық дәстүрлерінде ұл балаларды тәрбиелеуге қатысты әртүрлі қағидаттар да болған:
үлкен ұлды — ата-әжесіне тәрбиелеуге берген,
ортаншы ұл — жауынгер болуға тәрбиеленген,
ал кенже ұл — ата-анасының қолында қалып, оларға қамқор болуға міндетті болған.