Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бір мекемесінде сотталғанмен жеке кездесу өткіздім.
Кездесу барысында сотталғанның өтінішіне қатысты мәселелер қарастырылып, тиісті түсіндірмелер берілді.
2022 жылғы 5 қарашадағы №154-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның 18-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл немесе оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы өкілі аталған адамдармен куәлардың қатысуынсыз, жеке өзі немесе қажет болған жағдайда аудармашы арқылы, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынуы мүмкін кез келген басқа тұлғамен әңгімелесе алады.