Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы Б.К.Каримовамен кездесті

Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы Б.К.Каримовамен кездесті

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы Б.К.Каримовамен кездесті.
Кездесу барысында А.Б. Каримов ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкіл жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды, оның ішінде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтарын қорғау.
Сотталғандардың шағымын қарау, ал шағымдардың басым бөлігі мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру туралы өтініштері қанағаттандырудан бас тартуға қатысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар аталған мәселелер бойынша адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге және жұмыс жоспарына қосуға келісті.