2025 жылы 23 қаңтарда ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Сәтбаев қаласының әкімшілік ғимаратында, Ұлытау облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Гульмира Алпысбаевна Жаппасовамен, КММ “Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және этносаралық келісім орталығының” басшысы Оксана Николаевна Жукпен, “ЖАСТАР БОЛАШАҚ” Жастар қозғалысының төрағасы Луиза Абдрахмановна Минбаевамен кездесті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары азаптаумен күресшаралары, бала құқығын қорғау және АҚУ-дың қызметі болды.
Тараптар ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды және адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды ілгерілетуді жалғастыруға келісті.