
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б.Каримов «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесімен бірлесіп, Сәтбаев қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектебіне арнайы барып, оқушы жастармен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу аясында «Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбында құқықтық сағат ұйымдастырылып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінікті әрі кеңінен мағлұмат берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.