
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы мүшесімен бірлесіп, Ұлытау облысы Білім басқармасына қарасты Жезқазған қаласы білім бөлімінің “№9 мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, тәрбиеленуші балалармен маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға олардың құқықтары, қауіпсіздік мәселелері, өзара сыйластық қағидаттары, сондай-ақ көмекке жүгіну мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарына және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңның негізгі ережелеріне ерекше назар аударылды.