А.Б. Каримов қызметтік міндеттері аясында Жезқазған қаласы әкімдігінің «Отбасы институтын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанатына қатысты

А.Б. Каримов қызметтік міндеттері аясында Жезқазған қаласы әкімдігінің «Отбасы институтын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанатына қатысты

🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік міндеттері аясында Жезқазған қаласы әкімдігінің «Отбасы институтын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, маңызды бастамаға қолдау білдірді.
Аталған орталықтың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, тұрғындарға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау білдіру болып табылады.