«Қоғамдық денсаулық және құқықтық мәдениет» атты іс-шара өткізді

«Қоғамдық денсаулық және құқықтық мәдениет» атты іс-шара өткізді

🔹Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов денсаулық апталығы аясында Жезқазған қаласында «Қоғамдық денсаулық және құқықтық мәдениет» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қоғамдық денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға әрбір азаматтың денсаулыққа деген құқығы, оны қорғау тетіктері және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

#Здоровье_и_Права_СНГ