
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов денсаулық апталығы аясында Жезқазған гуманитарлық колледжіне арнайы барып, студенттермен мазмұнды құқықтық сағат өткізді.
Дәріс тақырыбы – «Денсаулыққа құқық: заң не дейді?». Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың құқықтары, олардың заңмен қорғалуы, сондай-ақ сапалы медициналық көмек алудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды әрі нақты жауаптар алды.
#Здоровье_и_Права_СНГ