«Әр адамның денсаулығы – оның заңды құқығы» тақырыбында құқықтық қабылдау өткізді

«Әр адамның денсаулығы – оның заңды құқығы» тақырыбында құқықтық қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметі аясында Жезқазған қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын орталығына арнайы барып, «Әр адамның денсаулығы – оның заңды құқығы» тақырыбында құқықтық қабылдау өткізді.
Іс-шара барысында азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері жан-жақты талқыланып, келушілердің сұрақтарына нақты түсіндірмелер берілді.