
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметі аясында қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен және адвокаттар қауымдастығымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіру, азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.