
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов №62 мекемесінің жеке құрамына құқықтық сағат өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру және азаптау мен қатігездікпен қараудың алдын алу мәселелерін кеңінен түсіндіру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, халықаралық стандарттар және әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеудің маңыздылығы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және адам құқықтарын қорғаудағы жауапкершілік мәселелері талқыланды.