Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды

Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды

🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды.

Сапардың негізгі мақсаты — мекеме бойынша келіп түскен шағымды жан-жақты қарау және оны ерекше бақылауға алу. Тексеру барысында шағымда көрсетілген мән-жайлар зерделеніп, жауапты тұлғалармен тиісті әңгімелесу жүргізілді.

Адам құқықтарын сақтау және азаматтардың өтініштері бойынша жедел әрі әділ шаралар қабылдау — Уәкіл институты қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады.