Сәтбаев қалалық Полиция басқармасына барып, жеке құраммен құқықтық сағат өткізді

Сәтбаев қалалық Полиция басқармасына барып, жеке құраммен құқықтық сағат өткізді

🔹 Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік сапар аясында Сәтбаев қалалық Полиция басқармасына барып, жеке құраммен құқықтық сағат өткізді.
Құқықтық сағат барысында ол Қазақстан Республикасындағы азаптауға қарсы күрес саласындағы түбегейлі өзгерістер мен адам құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, қатысушыларға терең әрі мазмұнды түсініктеме берді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтау мен халықаралық стандарттарға сай әрекет етудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.