
🔹 Құқықтық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету және учаскелік полиция пунктінің қызметін бағалау мақсатында өңірлік өкіл А.Б. Каримов Жаңаарқа ауданы ПБ Ақтүбек ауылдық округі бойынша учаскелік полиция пунктіне барды.
Мониторинг барысында азаматтардың құқықтарының сақталуына, құқықтық ақпараттың қолжетімділігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.