«Балдырған» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды

«Балдырған» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды

🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында сараптама кеңесінің мүшесімен бірлесіп, Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды.

Іссапардың мақсаты – білім беру ұйымындағы балалардың құқықтарының сақталу жағдайымен танысу. Кездесу барысында ұжыммен пікір алмасып, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар қарастырылды.

Мұндай жұмыс сапарлары өңірдегі білім беру ұйымдарында бала құқықтарын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және жүйелі мониторинг жүргізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.