
🔹ҚР Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б.Каримов қызмет аясында, Жезқазған қаласы Полиция басқармасында өткен профилактика кабинетінің ашылу рәсіміне қатысты.
Аталған кабинет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында ашылды. Шара барысында адам құқықтарын сақтау, заң талаптарын түсіндіру және қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.