
Халықты құқықтық ағарту – жауапты әрі қорғалған қоғам қалыптастырудың маңызды шарты. Өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін білу азаматтарға түрлі өмірлік жағдайларда сенімді әрекет етуге көмектеседі: жұмысқа орналасу кезінде, медициналық көмек алу барысында, келісімшарт жасасқанда, тұтынушы құқықтарын қорғауда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста.
Құқықтарын түсіну адамға заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді, ал міндеттерін білу – белгіленген нормаларды сақтауға және өзгелердің құқықтарын құрметтеуге үйретеді. Жауапкершілікті сезіну құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру құқықтық мәдениетті қалыптастырып, заңға деген сенімді күшейтеді және азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасайды.