Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында, Сәтбаев қаласының әкімшілік ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдау барысында азаматтың сот шешіміне наразылығы, жоғары тұрған сотқа шағымды жолдауы туралы уәждері тыңдалды.
Қабылдау шеңберінде өтініш білдірген азаматқа заң аясында өз мәселелерін шешудің ықтимал жолдары бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.