
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысы Талап ауылдық округінің әкімі К.М. Бапановпен кездесті.
Кездесу барысында кент тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы талқыланды.
А.Б. Каримов азаматтардың өтініштерін қарау тәртібіне, олардың құқықтарын қорғау жолындағы механизмдерге және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды.
Өз кезегінде К.М. Бапанов ауылдық округ әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы баяндап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалармен бөлісті.
Кездесу нәтижесінде тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты одан әрі жандандыруға уағдаласты.