Жезқазған қ. ПБ-ның жеке құрамына кұқықтық ағарту сағатын өткізді

Жезқазған қ. ПБ-ның жеке құрамына кұқықтық ағарту сағатын өткізді

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік аясында Жезқазған қалалық полиция басқармасына барып, жеке құраммен “Фундаменталды құқық”, “Арнайы үй-жайда және арнайы қабылдау орнында ұстау шарттары, сондай-ақ азаптаудың алдын алу шаралары” туралы құқықтық сағат өткізді.
Құқықтық сағат барысында ол Қазақстан Республикасындағы азаптауға қарсы күрес саласындағы түбегейлі өзгерістер мен адам құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, қатысушыларға терең әрі мазмұнды түсініктеме берді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтау мен халықаралық стандарттарға сай әрекет етудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.