
Құқықтық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету және учаскелік полиция пунктінің қызметін бағалау мақсатында өңірлік өкіл А.Б. Каримов Жезқазған қаласының ПБ №8 учаскелік полиция пунктіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында азаматтардың құқықтарының сақталуына, құқықтық ақпараттың қолжетімділігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.