
🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Жезқазған қаласының ПБ №5 тірек пунктіне тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында бөлімшенің азаматтарды қабылдау мен полиция қызметкерлерінің кабинеті қаралды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің азаматтармен қарым-қатынасы, құқықтық көмек көрсету тәртібі және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар зерделенді. Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыным жолдайды.