
🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Жезқазған гуманитарлық колледжіне барып, жастардың құқықтары туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге адам құқықтары мен бостандықтарының мәні, оларды қорғау тетіктері және құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы жөнінде түсіндірме берілді.
Сондай-ақ жастармен ашық диалог жүргізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, құқықтық мәдениетті дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.