Ұлытау облысы "Отбасы банк" басшысымен кездесу өткізді

Ұлытау облысы "Отбасы банк" басшысымен кездесу өткізді

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысы "Отбасы банк" басшысы Кенжебеков Жарылқасын Әбілқасымұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқығын іске асыру, әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту тетіктері, сондай-ақ халыққа банк қызметтерінің қолжетімділігі мәселелері талқыланды. Тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғын үймен қамтамасыз етуде туындайтын құқықтық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырды.

Мұндай кездесулер халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді қадамдардың бірі болып табылады.