🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы Айнабеков Азамат Абдукаримовичпен кездесті.
Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру , құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар өңірдегі адам құқықтарының сақталу деңгейін жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шараларды мониторингтеу жоспарланды.