🔹ҚР Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Комиссия отырысында екі негізгі мәселе қаралды:
Біріншіден, мүгедектігі бар балалар мен жастарды әлеуметтендіру мәселесі талқыланды.
Екіншіден, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесі қаралды.
Өкіл, үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауды жақсарту жөнінде ұсыныс берді.
Отырыс қорытындысы бойынша өкілдің ұсынысы хаттама енгізілді.