🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов Сәтбаев қаласында "Еркіндік рухы" жастар кеңесінің мүшелерімен кездесті.
⠀
Кездесу "Менің құқықтарым — менің дауысым" тақырыбында өтті және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналды.
⠀
Іс-шара барысында қатысушылар өз құқықтарын қоғамда, оқу орындарында, жұмыс орнында, сондай-ақ интернет кеңістігінде қалай қорғауға болатыны туралы пікір алмасты.
⠀
Мұндай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік береді.