🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысы Рүстемов Жасұлан Дәлкенұлымен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде еңбек құқықтарының бұзылуы болдырмау жолдары талқыланды.
А.Б. Каримов жұмысшылардың құқықтарын қорғау және оларға құқықтық көмек көрсету бойынша Уәкілдің мандаты аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар, азаматтардың еңбек құқықтарын тиімді қорғау мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.