Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысымен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысымен кездесті

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетовпен кездесті.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара сенімді нығайту мәселелері талқыланды.