Жезқазған Кен байыту фабрикасына барып, еңбек ұжымымен кездесіп, құқықтық сағат өткізді

Жезқазған Кен байыту фабрикасына барып, еңбек ұжымымен кездесіп, құқықтық сағат өткізді

🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік сапар аясында Жезқазған Кен байыту фабрикасына барып, еңбек ұжымымен кездесіп, құқықтық сағат өткізді. Шара барысында қызметкерлерге олардың еңбек құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың құқықтарын қорғауға бағытталды.