
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында облыс Прокуратурасының өкілдерімен және Қарағанды облысы адвокаттар коллегиясы өкілдерімен бірлесіп Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) №62 мекемесіне барды. Бару барысында сотталғандармен жеке қабылдау өткізіп, олардың құқықтық жағдайына, ұстау жағдайларына, медициналық көмекпен қамтылуына және еңбекпен қамту мәселелеріне қатысты сұрақтары тыңдалды.
Сотталған азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жеке-жеке қарастырылып, бірқатары сол жерде мекеме әкімшілігімен бірлесіп шешімін тапты. Ал күрделі мәселелер бойынша қосымша тексеру және уәкілетті органдарға сұраныс жолдау жоспарланды.