🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау ауданының ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық–атқару жүйесі комитетінің «№62 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесінің материалдық-тұрмыстық жағдайымен, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталу деңгейімен танысып, ішкі тәртіп ережелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне баға берді.
А.Б. Каримов аталған мекемеде жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, бірқатар бағыттар бойынша жетілдіру қажет екенін атап өтті. Оның ішінде адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды толық сақтауға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігіне тоқталды.
Мониторинг қорытындысы бойынша уәкіл тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар беретін болады.