🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында, Сәтбаев қаласының әкімінің орынбасары және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп азаматтарды жеке сұрақтарымен
қабылдады. Қабылдау барысында азаматтың сот шешіміне наразылығы, қайта облыстық сотқа шағымды жолдауы туралы уәждері тыңдалды.
Қабылдау шеңберінде өтініш білдірген азаматқа заң аясында өз мәселелерін шешудің ықтимал жолдары бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.